«Қазақстан» колледжі Аббатствосын жобалау және салу
Технико-экономикалық көрсеткіштер:
Мақсаты мен тағайындалуы: «Аббатство колледжа Казахстан» нысаны – жаңа құрылыс, жер учаскесінде жобалық құжаттамаға сәйкес қайтадан жобаланып, қайтадан салынатын объект. Ғимарат көлемінің компоновкасы учаске пішінінің ерекшеліктерін, үй-жайлардың бағдарлануын ескере отырып, бөлінген аумақты барынша тиімді әрі функционалды пайдалануға мүмкіндік беретіндей етіп шешілген.
Көлемдік-жоспарлау шешіміне қойылатын негізгі талаптар:
500 орындық мектеп. Сыныптардағы толымдылық – 12, 20 және 25 оқушы. Жобада жалпы білім беру сыныптары, лаборант бөлмелері бар оқу кабинеттері, жеке кабинеттер, компьютерлік сынып, көрермендерге арналған трибуналары бар спорт залы, трибуналары бар теннис корты, бассейн, тренажер залы, театр студиясы, акт залы, асхана, шеберхана және әкімшілік үй-жайлар қарастырылған.
