Өскемен қаласының бас жоспары, Қазақстан

Өскемен қаласының бас жоспары, Қазақстан

Орналасқан жері - Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан
Жыл – 2016
Жоба тобы
- Маметов А., Ибрагимов Р., Елямов Р.

 

Есептік мерзімге қарай қаланың аумағы 6 жоспарлау аймағын қамтитын болады:

 

Орталық аймақ қаланың ядросы болып табылады және ішкі көлік сақинасымен шектелген. Осы аймақта VII, VIII, IX, X тұрғын аудандары орналасқан. Орталық аймаққа қатысты жобалық шешімдерде негізгі көңіл аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінеді.

 

Солтүстік-батыс аймақ толықтай қаланың оң жағалау бөлігінде орналасқан. Жобаға сәйкес бұл аумақтағы құрылымдар кезең-кезеңмен реконструкциялауға жатады.

 

Солтүстік аймақ Бажов көшесі мен Ертіс өзенінің солтүстігінде орналасқан аумақты алып жатыр. Бұл аумақтың едәуір бөлігін қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары шоғырланған «Орталық өнеркәсіптік аудан», «Солтүстік өнеркәсіптік аудан» және «Солтүстік-шығыс өнеркәсіптік аудан» алып жатыр. Жобада жаңа тұрғын құрылыс тек «Радужный» ауданының солтүстік бөлігінде орналастырылады, себебі инженерлік-геологиялық жағдайы ең қолайлы учаске осы болып табылады.

 

Шығыс аймақ Орталық аймақтың шығысында, Үлбі және Ертіс өзендерінің арасында орналасқан. Жобаға сәйкес шығыс аймақта есептік мерзімнің соңына дейін жаңа тұрғын құрылыс орналастыру қарастырылмаған. 2050 жылға дейінгі болжамдық кезеңде тұрғын құрылыс орналастыру мүмкін болатын Ушаново ауылын дамыту ұсынылады.

 

Оңтүстік аймақ Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл – қазіргі уақытта белсенді құрылыс жүріп жатқан, көпқабатты және азқабатты тұрғын құрылыс үшін ең перспективалы аудан. Есептік мерзімнің соңына дейін мұнда XXII, XXIV, XXVI тұрғын аудандарында жаңа көпқабатты тұрғын кешендер пайда болады.

 

Батыс аймақ Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Батыс аймақтың аумағында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелері бөлініп, тұрғын аудандардың детальды жоспарлау жобалары әзірленген. Осы факторларды ескере отырып, жобада Батыс аймақта негізінен үй іргелік учаскелері бар азқабатты жеке тұрғын үй құрылысы орналастырылады.

 

Тегтер: Проектирование городов, Проектирование рекряционных зон, Парки
Up
Қоңырауға тапсырыс беру
Сіздің атыңыз:
Телефон:
Қаланы таңдаңыз:
namark.kznamark.kznamark.kznamark.kz