Қарағанды қ. Пришахтинск ауданының детальды жоспарлау жобасы
Жоба аумақтың жоспарлануын ұйымдастырудың негізгі бағыттарын айқындайды, оның ішінде аймақтарға бөлу, инфрақұрылым және абаттандыру мәселелері қарастырылған.

- Негізгі мақсаттар: функционалдық-қалақұрылыстық зонирлеуді әзірлеу, құрылыс реттеу сызықтарын белгілеу, әлеуметтік, мәдени және коммуналдық нысандарға арналған аумақтарды резервке қою, көше-жол желісін және абаттандыруды жоспарлау;
- Заңнамаға сәйкестік: ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы және СП РК 3.01-101-2013 «Қалақұрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» талаптары;
- Жобалау ArcGIS және AutoCAD графикалық бағдарламаларын қолдану арқылы орындалды;
- Аумаққа натуралық зерттеу жүргізілді, қолданыстағы құрылыс фотофиксациямен құжатталды.
Детальды жоспарлау жобасы қызыл сызықтарды, құрылыс реттеу сызықтарын, жер учаскелерінің шекараларын жергілікті жерге шығару үшін, сондай-ақ инвестициялық-қалақұрылыстық паспорттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу кезінде негіз ретінде пайдаланылады.